RU
Толық нұсқаға өту

Аптап ыстық Венгрияға жетті

28.06.2026, 10:35 34

Еуропадағы аптап ыстық Венгрияға да жетті. Синоптиктердің болжамына сәйкес, алдағы күндері елдің орталық өңірлерінде ауа температурасы 40 градустан жоғары көтерілуі мүмкін.

Осыған байланысты қауіптіліктің ең жоғары деңгейі жарияланды. Тұрғындарды ыстықтан қорғау үшін билік арнайы шаралар қабылдады. Будапешт алаңдары мен қоғамдық көліктерде тегін ауыз су таратылып жатыр. Ал жұмыс берушілерге қызметкерлерді мүмкіндігінше қашықтан жұмыс істеуге көшіру немесе жұмыс уақытын қысқарту ұсынылды. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz