Ұлыбритания босқындарды заңды түрде қабылдауға бағытталған жаңа бағдарламаны дайындап жатыр.
Жобаның негізгі мақсаты – елге келудің қауіпсіз тетіктерін әзірлеу. Бұл теңіз арқылы шекараны заңсыз кесіп өту жағдайларын азайтуға мүмкіндік береді. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, жаңа бағдарлама аясында қоғамдық ұйымдар, университеттер мен жұмыс берушілер босқындардың келуіне демеушілік көрсете алады. Билік өкілдері бұл бастама Канададағы ұқсас бағдарламаға негізделгенін жеткізді. Нәтижесінде кейінгі елу жылда Канадаға 400 мыңнан астам адам қоныстанды.
Тегтер #босқындар #бағдарлама #ҰлыбританияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz