Парижде күннің ыстығына шыдамай бір тәулік ішінде 109 адам көз жұмды. Бұл жөнінде Franceinfo телеарнасы хабарлады.
Алайда бұл сандар тек жедел-жәрдем қызметіне жүгінгендер мен қоғамдық орындарда тіркелген өлім-жітім саны. Ал ауруханадағы деректер әзірге толық жарияланған жоқ. Қайтыс болғандардың дені жүрек аурулары және гипертермиямен шағымданған. Қазір Францияда сынап бағанасы 39 градусқа дейін жетті. Париждегі денсаулық сақтау мекемелері науқастарға лық толы.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Париж #аптап ыстықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz