Біріккен Араб Әмірліктері Ормуз бұғазынан өтетін кемелерге қатысты Иран әрекетін қатты сынға алды.
Елдегі заңгерлер «Тегеран теңіз қарақшылығын жасады» деген пікірде. Олардың айтуына қарағанда, Ислам республикасы кемелерді әдейі өз аймағына қарай бұрып, қауіпсіздігін қамтамасыз еткен болып кейін қыруар ақша талап ете бастаған. Ал бұл су жолының мәртебесі Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы конвенциясы негізінде қорғалған. Сондықтан Ормуз маңында ешбір мемлекеттің халықаралық жүк тасымалын тежеп, ақы алуына болмайды дейді әмірліктегі заңгерлер.
Хабиб Әл Мулла, заңгер, халықаралық заң фирмасының басшысы /БАӘ/:
- Теория жүзінде жағалаудағы елдер көрсетілген қызмет үшін ақы алуға құқылы. Бірақ мұндай төлем ерікті түрде жасалуы шарт. Ешбір тарап өз қызметін біреуге мәжбүрлей алмайды. Егер ол әскери қысым, яки күш қолдану арқылы жасалса, онда халықаралық құқық нормасы бұзылды дей беріңіз. Мен мұны қарақшылық деп атаймын. Иран тап осыны жасап, өз жағдайын қиындатып жатыр.
Тегтер #Иранмен соғыс #Ормуз бұғазы #қарақшы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz