«Иранды жер бетінен жоямыз».
АҚШ президенті Дональд Трамп Тегеранға осындай қатаң ескерту жасады. Мәлімдеме Вашингтонның Ирандағы әскери нысандарға жаңа соққысынан кейін айтылды. Қарауылға әскери барлау мен байланыс жүйелері, дрон қоймалары, миналау құралдары алынған. Вашингтон мұны Ормуз бұғазы маңындағы танкерге және өңірдегі американдық күштерге жасалған шабуылдарға жауап деп түсіндірді. Ал Тегеран өз кезегінде АҚШ-тың аймақтағы базаларына зымыран және дронмен соққы жасағанын мәлімдеді. Және кез келген жаңа шабуыл жауапсыз қалмайтынын ескертті.
Тегтер #Трамп #Иранмен соғыс #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz