RU
Толық нұсқаға өту
Фото: Anadolu

Иран АҚШ базаларын нысанаға алды: Бахрейн БҰҰ-ға жүгінді

29.06.2026, 12:05 62

Иранның  Трамптың ескертулерінен кейін Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ базаларына жасаған шабуылы әлемді алаңдатты. Бахрейн Иран тарапынан баллистикалық зымырандар мен камикадзе-дрондар қолданылған жаппай шабуылды қатаң айыптады, деп хабарлайды  «24KZ».

Иран Бахрейн мен Кувейттегі АҚШ әскери базалары орналасқан нысандарға баллистикалық зымырандар мен камикадзе-дрондар арқылы шабуыл жасады. Бахрейннің Манама қаласындағы халықаралық әуежай маңына зымыран түсіп, сегіз қабатты тұрғын үй қираған. Алдын ала мәлімет бойынша, адам шығыны тіркелмеген. Кувейттің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері елге бағытталған бірнеше зымыранды әуеде жойған.

Оқиғадан кейін Бахрейн Иранның әрекетін қатаң айыптап, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын шақыруды талап етті. Сыртқы істер министрлігі Тегеранның әрекетін араб елдерінің қауіпсіздігіне төнген әдейі жасалған әрі жүйелі қауіп ретінде бағалады.

Сарапшылардың пікірінше, бұл шабуыл Иранның АҚШ-тың әскери соққыларына берген жауабы болуы мүмкін. Осы оқиғадан кейін Таяу Шығыстағы жағдай одан әрі шиеленісіп, Парсы шығанағындағы араб мемлекеттері бірлескен жауап қайтаруға дайын екенін мәлімдеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz