RU
Толық нұсқаға өту

Пәкістан Ауғанстанмен шекара маңында 29 содырдың көзін жойды

29.06.2026, 14:20 29

Пәкістан Ауғанстанмен шекара маңында әскери операция жүргізіп, 29 содырдың көзін жойған.

Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. Пәкістан тарапы соққы ел аумағында лаңкестік әрекеттер ұйымдастырып келген қарулы топтардың жасырын орындарына жасалғанын мәлімдеді. Операция барысында қару-жарақ пен оқдәрі қоймалары да жойылған. Пәкістан ресми Кабул қарулы топтарды қолдайды деп айыптауда. Бірақ тәліптер мұны жоққа шығарып келеді. Олар содырлардың ауған жерінен басқа елдерге шабуыл жасауына ешқашан жол берген емеспіз деп отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz