RU
Толық нұсқаға өту

Таяу Шығыстағы жағдай тұрақсыз

29.06.2026, 20:32 37

Өткен аптада Израиль мен Ливан АҚШ-тың араағайындығымен оқ атпау туралы келісімге келген еді. Осы құжат аймақтағы қақтығысты реттеуде маңызды қадам болады деп күткен.

Алайда уағданы бұзған Израиль Ливанның күнгейін тағы бомбалады. Тель-Авив «Біздің мақсатымыз – «Хезболланың жерасты инфрақұрылымы болды» деп мәлімдеген. Сонымен қатар АҚШ пен Иранның қарым-қатынасында жылымық пайда болды. Рейтердің мәліметі бойынша, тараптар Парсы шығанағындағы соққы беруді тоқтатып, Ормуз бұғазы бойынша келіссөздерді жандандыруға уағдаласқан. Келіссөздердің жаңа кезеңі ертең Қатарда өтуі тиіс. Қақтығыс басталғалы алғаш рет үш бірдей контейнер тасығыш кеме стратегиялық теңіз жолына енді. Осылайша, ақырындап жанданған кеме қатынасы Үндістан, Пәкістан, сонымен қатар Парсы шығанағы және Қызыл теңіз елдері арасындағы алыс-берісті қалпына келтіріп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz