RU
Толық нұсқаға өту

Анкарада саммит қарсаңында 225 күдікті ұсталды

29.06.2026, 20:59 29

Анкарада НАТО саммиті қарсаңында терроризмге қарсы ауқымды операция жүргізіліп, 225 күдікті ұсталды.

Бұл туралы елдің Бас прокуратурасы хабарлады. Қамауға алынғандардың арасында университет оқытушылары, БАҚ өкілдері мен қоғам белсенділері бар. Олардың нақты қандай ұйымдардың өкілдері екені әзірге ресми түрде жарияланған жоқ. Тергеуден кейін сот 178 адамды қамауға алу туралы шешім шығарды. Қалғандарына үйқамақ шарасы қолданылады. Тергеу жалғасып жатыр. Анкарада 7-8 шілде күндері өтетін НАТО саммиті қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz