RU
Толық нұсқаға өту

Еуропада бір аптада ыстықтан 1300 адам көз жұмды  

29.06.2026, 21:01 39

Еуропада аптап ыстықтан кейінгі 1 аптада 1300-ден астам адам көз жұмды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады. 

Құрбандардың көбі – Франция азаматтары. Ең үлкен өлім-жітім деңгейі жасы 65-тен асқан қарттар арасында кездеседі. Сарапшылардың айтуынша, «кәрі құрлықтағы» температура әлемдік орташа көрсеткіштен екі есе артық. Сонымен қатар көптеген елдің инфрақұрылымы мұндай сынаққа дайын болмай шықты. Энергия жүйесінің үлкен жүктемеге шамасы жетпей жатыр. Айта кетейік, Еуропада айрықша ыстық маусым айының ортасында басталды. Франция, Ұлыбритания, Нидерланд пен Италияда күн райына қатысты қауіп-қатердің ең жоғары «қызыл» деңгейі жарияланған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz