Германияның солтүстігіндегі Штаде қаласында қаскөй 6 адамды атып тастады. Оқиға Ана мен бала орталығында болған. Полицияның мәліметі бойынша, оқ атқан 3 айлық қызын қамқорлыққа алу бойынша сот ісіне қатысқан ер адам.
Шабуыл кезінде бала мен оның анасы аталған мекемеде болған. Бірақ зардап шеккен жоқ. Құрбандар арасында 4 әйел, 2 ер адам бар. Олардың бәрі осы Ана мен бала орталығының қызметкерлері. Тағы бірнеше кісі жараланған. Бірақ нақты саны әзірге белгісіз. Күдіктінің не себепті мұндай әрекетке барғаны тергеліп жатыр.
Маттиас Бекерманн, Штаде қаласы полициясының өкілі:
- Өкінішке орай, қаза тапқандар саны 6 адамға жеткенін хабарлауға мәжбүрмін. Барлығы – ересек адамдар. Бір кісі ауруханада көз жұмды. Оқ атқан күдікті көп ұзамай қамауға алынған. Полиция тағы екі адамды ұстады. Олардан жауап алынып жатыр. Қажет жағдайда сот-медициналық сараптамадан өтеді.
Тегтер #атыс #ана мен бала орталығы #полиция #ГерманияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz