RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ-та мұнай қоры азайып, алтын арзандады

30.06.2026, 11:05 39

АҚШ-тың стратегиялық мұнай қоры сарқылуға таяды.

Көрсеткіш кейінгі 43 жылда болмаған деңгейге дейін төмендеген. АҚШ энергетика министрлігінің дерегіне сүйенсек, қара алтынның қоры сұраныстың күрт артуынан азайған. Сондай-ақ экспорттаушылар мен мұнай өңдеу зауыттарының шикізатты белсенді сатып алуы қосымша қысым түсіріп отыр. АҚШ-та стратегиялық қордағы мұнай әлемдік нарықтағы тапшылықтың орнын толтыру және жанармай бағасының өсуін тежеу үшін пайдаланылады.

Алтын арзандады. Әлемдік алтынның бір трой унциясы төрт мың он бес долларға дейін төмендеді. Сарапшылар: «Бұл доллар индексінің кейінгі апталарда жылдық ең жоғары деңгейге көтеріліп, 101,3 деңгейінде саудалануына байланысты», - дейді. Болжам бойынша АҚШ ақша-несие саясатын қатаңдатқалы жатыр. Осы ақпарат алтын бағасына қазірден әсер еткен.. Мамандар: «Қыркүйек айында пайыздық мөлшерлеменің көтерілу ықтималдығы 70 пайыз», - деп жорамалдайды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz