RU
Толық нұсқаға өту

Технология бойынша жарыс: Оңтүстік Корея 546 млрд астам доллар инвестиция салады

30.06.2026, 12:34 33

Әлем технология бойынша жарысып жатыр.

Дата орталықтарды көбейтіп, жасанды интеллектіні барынша пайдалануға әркім мүдделі. Соның бірі – Оңтүстік Корея. Таңғы шық елі жоғары технологиялар саласы бойынша ауқымды инвестициялық бағдарламаны қолға алды. Жаңа стратегия жартылай өткізгіштер, жасанды интеллект пен робот техникасын қамтиды. Бұларды дамытуға Сеул 546 миллиардтан астам доллар бөледі. Ақша елдің оңтүстік-батысында чиптер шығаратын 2 ірі зауыттың құрылысына, сонымен қатар оларды жинайтін кластер құруға жұмсалады. Билік барлық бағыт бірыңғай экожүйеге біріктіріледі дейді. Микросхемалар есептеу базасын қамтамасыз етіп, дата-орталықтар жасанды зердеге қуат береді, ал роботтар бұл технологияларды экономиканың нақты саласына енгізеді. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz