Bloomberg агенттігінің мәліметінше, бұл кейінгі 1 жыл ішіндегі ең төмен көрсеткіш. Лондон металл биржасында алюминийдің бір тоннасы 3100 долларға дейін арзандады.
Сарапшылар мұны америкалық валютаның күшеюімен байланыстырады. Сондай-ақ инвесторлардың арасында Таяу Шығыс арқылы тауар тасымалы қайта жанданады деген сенім басым. Өйткені АҚШ пен Иран өзара шабуылдарды тоқтатып, келіссөзді қайта бастауға келіскен. Ал Парсы шығанағы елдерінің үлесіне әлемдік алюминий өндірісінің шамамен 8%-ы тиесілі. Бірақ әскери қимылдардан зауыттардағы жұмыс іркіліп, өңірдегі өндіріс көлемі бәсеңдеген.
Тегтер #алюминий #баға #нарық #металл #биржаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz