RU
Толық нұсқаға өту

Жапонияның валютасы құлдырады

30.06.2026, 20:32 37

Жапонияда иеннің бағамы кейінгі 40 жылдағы ең төменгі деңгейге түсті.

Азия нарығындағы саудада бір АҚШ доллары 162 иенге бағаланды. Бұған АҚШ-та пайыздық мөлшерлеме тағы көтерілуі мүмкін деген болжам әсер еткен. Осыған байланысты инвесторлар қаржысын долларға ауыстыра бастаған. Жапония билігі бұған дейін иен бағамын тұрақтандыру үшін сәуір және мамыр айларында шамамен 73 миллиард доллар жұмсады. Алайда Таяу Шығыстағы шиеленіс жапон валютасына қосымша қысым түсіріп отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz