АҚШ-та дүниеге келген кез келген сәби Америка азаматтығын алуға құқылы. Жоғарғы сот Дональд Трамптың ұсынысын қабылдамады.
Ақ үй басшысы былтырдан бері бұл заңнамаға шектеу қойғысы келіп, бірқатар бастама көтерген. Ол заңсыз мигранттар мен ел ішінде уақытша жүрген шетелдіктердің балалары АҚШ юрисдикциясына жатпайды, сондықтан азаматтық ала алмайды деп санайды. Алайда Жоғарғы сот бұл ұстанымды қолдамай, 1868 жылдан бері қолданыстағы конституциялық қағиданы өзгеріссіз қалдырды. Трамп сот шешімін сынға алып, өзінің Truth Social-дегі парақшасында "нашар шешім" деп жазды. Сондай-ақ ол Конгресті туу құқығы арқылы азаматтық беру тәртібін өзгерту үшін заң қабылдауға шақырды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #АҚШ #азаматтықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz