RU
Толық нұсқаға өту

БҰҰ: Венесуэлада 1,5 млн адам көмекке мұқтаж

01.07.2026, 08:30 40

Венесуэлада зілзала құрбандарының саны 1 943 адамға жетті. Ал ауыр жарақат алғандар 10 мыңнан асады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегіне сүйенсек, жер сілкінісінен болған жалпы шығын 6,7 миллиард АҚШ долларына бағаланып отыр. Сондай-ақ 1 миллион 10 мың адам гуманитарлық көмекке мұқтаж. Оның ішінде 680 мың бала бар. 24 маусым күні Венесуэла астанасы Каракаста және бірнеше штатта магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі жойқын жер сілкінісі тіркелген болатын. Соның салдарынан 60 мыңға жуық ғимарат қирап, 12 мыңдай тұрғын баспанасыз қалды.     

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz