Иран АҚШ санкцияларды уақытша жеңілдеткеннен кейін, мұнай сатылымы-нан кірістің көбейгенін хабарлады.
Парламент төрағасы Мохаммад Багер Галибафтың мәлімдеуінше, қара алтын қазір АҚШ-пен қақтығысқа дейінгі бағадан шамамен 20 пайыздай қымбат сатылуда. Десе де Тегеран әскери саясатын өзгертуге асықпайтынын айтады. Сонымен қатар Галибаф Иран, АҚШ және Ливан ортақ комитет құратынын жеткізді. Бұл мекеме Ливандағы атысты тоқтату режимін бақыламақ. Жалпы аталған тетік ұрыс қимылдарын біржола тоқтатуға жол ашуы керек. Тараптар алдағы уақытта Қатар мен Пәкістанның ара-ағайындығы арқылы техникалық кеңес өткізуі мүмкін.
Тегтер #Иран #мұнай #экспортPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz