RU
Толық нұсқаға өту

Ауғанстан Пәкістан аумағын атқылады

01.07.2026, 21:58 42

Ауғанстан билігі Пәкістан аумағындағы нысандарға соққы жасағанын мәлімдеді. 

Тәліптердің айтуынша, шабуыл лаңкестік топтардың бекіністеріне бағытталған. Десе де ресми Исламабад Ауғанстаннан ұшырылған төрт дронды әуеде атып түсіргенін хабарлады. Кейінгі айларда екі ел арасында жағдай шиеленісіп, бір-бірінің аумағын атқылау жиіледі. Бірер күн бұрын Пәкістан күштері шекара маңындағы аудандарда әскери операция жүргізіп, 29 содырдың көзін жойғанын мәлімдеген еді. Алайда соққыдан тағы 39 бейбіт тұрғын қаза тауып, 160 адам жарақат алған. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz