RU
Толық нұсқаға өту

Трамп: Панама каналын Қытайға бермейміз

02.07.2026, 08:00 51

"АҚШ Қытайдың Панама каналын басып алуына жол бермейді".

Ақ үй басшысы Дональд Трамп осылай деп мәлімдеді. АҚШ президенті Панама каналына бақылау орнату туралы бұған дейін де бірнеше рет айтқан. Ол "Осы стратегиялық су жолына Қытайдың коммерциялық ықпалы артып бара жатыр және бұл Құрама Штаттардың қауіпсіздігі мен сауда мүддесіне қатер төндіреді" деген. Панама каналын АҚШ салып, 1914 жылы іске қосты. 1977 жылы келісім-шартқа отырып, 1999 жылға дейінгі аралықта су жолын Панамаға біртіндеп берген. Аталған шарт бойынша каналдың бейтарап мәртебесі айқындалған. Ол әлемдік сауда-саттық үшін қолжетімді болуға тиіс еді. 1997 жылдан бері Панама каналының 2 теңіз айлағын басқару қытайлық консорциумға өткен. 

Дональд Трамп, АҚШ Президенті:

- Панама каналын салу кезінде біз 38 мың адамды жоғалттық. Олар біздің азаматтарымыз. Кейін канал ашылды және бірінші күннен бастап өте сәтті болды, біз оны сыйға тарттық. Бұл біз салған ең қымбат және ең тиімді нәрсе болды. Біз Венесуэлада жақсы жұмыс істедік. Қазір Иранмен де солай істеп жатырмыз. Біз сыйға тартқаннан кейін Панама өте көп ақша тапты. Олар кемелерді өткізу ақысын 4 есе көтерді. Бұл қандай ақымақтық десеңізші? Ал енді қазір Қытай Панама каналын басып алуға барын салып жатыр, бірақ біз бұған жол бермейміз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz