Нью-Йоркте күн шамадан тыс қатты ысығалы тұр.
Мамандардың ескертуінше, жақын күндері температура бағаны 44 градустан асады. Қала мэрі Зохран Мамдани төтенше жағдай жоспарын жариялады. Соған орай мегаполистің барлық 5 ауданында жүздеген салқындату нысандары мен оннан астам жылжымалы медициналық қосын ашылған. Ол жерлерде ауыз су, тамақ және бірінші қажеттіктегі заттар таратылады. Үйсіз жандарға шұғыл көмек беру мақсатында әлеуметтік қызметшілер бригадасының саны ұлғайтылған. Оның үстіне алда 4 шілде – АҚШ-тың Тәуелсіздік күні келе жатыр. Билік тұрғындар мен қала қонақтарын далада көп жүрмей, суды көбірек ішіп, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды.
Тегтер #Нью Йорк #аптап ыстық #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz