Конго Демократиялық Республикасында эболадан тағы 39 адам көз жұмып, жалпы құрбандар саны 438-ге жетті. Бұл туралы ел билігі хабарлаған.
Сонымен қатар 1400-ден астам тұрғын қауіпті вирусты жұқтырған. 192 науқас жазылса, 600-ден астамы ем қабылдап жатыр. Үкімет індетке қарсы шараларды күшейтіп, зардап шеккен аймақтарға дәрі-дәрмек, жедел жәрдем көліктері мен қорғаныс заттарын жіберді. Біріккен Ұлттар Ұйымы жағдай ушықса эбола індеті Африка елдерінің экономикасын 3 жарым миллиард доллар шығынға батырып, жүздеген мың жұмыс орны жабылуы мүмкін екенін ескерткен.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Конго #ЭболаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz