Венесуэла астанасында зілзаладан зардап шеккендерге арналған уақытша паналау орындары ашылды.
Қазір әсіресе Ла-Гуайра штатында жағдай қиын. Онда ауруханалар адамға лық толған. Дәрігерлер ауыз судың тапшылығынан жұқпалы аурулардың таралу қаупі күшейгеніне алаңдаулы. Штатта 13 мың адамға арналған уақытша лагерь құрылған. Апат аумағындағы іздестіру-құтқару жұмыстарына 28 елден 2 мыңнан аса маман жұмылған. Кейінгі дерек бойынша, қирандылардың астынан 2 295 адамның мәйіті шығарылды. Венесуэла бір апта бойы қаралы күн жариялады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Венесуэла #зілзалаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz