RU
Толық нұсқаға өту

Жас вокалистер Италияда бас жүлде иеленді

02.07.2026, 21:50 28

Алматылық жас вокалистер Италияның Монтесилвано қаласында  өткен халықаралық фестивальде бас жүлдені жеңіп алды.

Байқау «Ұлттардың болашағы» деп аталады. Өнер додасы биыл 15 елден келген қатысушыларды жинады. Шарада біздің ел атынан 5 пен 15 жас аралығындағы 13 бала өнер көрсетті. Өз жас санаты бойынша 7 және 8 жастағы ағайынды Айша мен Әлихан Бейімбет үздік орындаушы атанды. Олар итальян, ағылшын тілдерінде ән салып, қазылар алқасы мен көрермендерді  тәнті етті. Оған қоса, Айша Римнің орталығында ән шырқап, көпшілікті сүйсінтті. Әкесі Нұрхан Мұқашевтің айтуынша, балалар 3-4 жасынан бастап музыкалық мектепке барады.  

Нұрхан Мұқашев, Әлихан мен Айшаның әкесі:

- Айша екі өлең айтты. «Adele», «Rolling in the Deep» және «Sarà perché ti amo» деген Италиядағы танымал әндерді айтты. Әлиханымыз Тото Кутуньоның «L'italiano» әні мен «Lasciatemi cantare» деген өлеңін айтты. Біз жарты жылдай дайындалдық. Колизейдің қасында жүрген кезде бір жігіттер ән айтып тұр екен, сол қызым жүгіріп кетті, қарасам микрофон сұрап жатыр. Микрофонды алып, ол да «Sarà perché ti amo» әнін Римнің ортасында айтып, кішкентай ғана қазақтың қызы италияндықтардың бәрін қуантып, екі мың адамдай жиналған шығар деп ойлаймын. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz