Мумбайды су басты. Билік қауіп-қатердің ең жоғары «қызыл» деңгейін жариялады. Көлік қозғалысы тоқтап, мектептер жабылды.
Тұрғындар эвакуацияланып жатыр. Шаһарда түскен жауын-шашын мөлшері 200 миллиметрден асқан. Жалпы Үндістан бойынша тасқыннан 9 адам көз жұмды. Тағы 20-дан астамы жарақат алған. Жергілікті «Хиндустан Таймс» басылымының хабарлауынша, табиғат апатынан елдің солтүстік-шығыс аймағы қатты зиян шеккен. Үлкен су ондаған үйлер мен көліктерді ағызып әкеткен. Маусым айы – Үндістанда қауіпті кезең. Ақжауын тоқтамай қыркүйекке дейін жауады.
Тегтер #Үндістан #тасқын #көз жұмғандарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz