RU
Толық нұсқаға өту

Венесуэлада 8 күн қиранды астында жатқан ер адам аман шықты

03.07.2026, 09:08 45

Венесуэлада 8 күн қиранды астында 9 метр тереңдікте жатып, тірі қалған ер адам құтқарылды. Оны құтқарудың өзіне 72 сағат кеткен. 

44 жастағы азамат күзетші болып жұмыс істеген. Сүйінші хабарды Венесуэла президенті өз парақшасында жариялады. Құтқару операциясына жеті елдің мамандары қатысқан. Олардың арасында жергілікті құтқарушылардан басқа, Чили, АҚШ, Португалия, Мексика, Коста-Рика мен Сальвадор өкілдері бар. Дәрігерлердің айтуынша, көрер жарығы бар азаматтың қазіргі жағдайы жақсы. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz