Бұл жөнінде Тегеран тарапы мәлімдеді.
Ресми дерекке қарағанда, екі ел жетекшілері жалпы сомасы 6 млрд доллар қаражатты бұғаттан босату жөнінде келісімге келген. Жақын арада парсы мемлекетіне беріледі. Бұл орайда Иран бірқатар міндеттеме алып отыр. Егер шығанақтағы кеме қозғалысына қайта кедергі жасалып, әуеден қауіп төнетін болса келісім тоқтайды. Ал Біріккен Араб Әмірліктері Ислам республикасына тиесілі қаражатты дәл қазір қайтармайтынын аңғартты. Бұл жақтағы сарапшылар Ормуз маңындағы мәселе шешімін таппай және халықаралық құқық нормалары ескерілмей, арадағы қатынас толық қалпына келмейді деген пікірде.
Хабиб Әл Мулла, заңгер, халықаралық заң фирмасының басшысы:
- Иран – үлкен мемлекет. Тарих, мәдениет, 80 млн халық, сауда бәрі бар. Қаншама ғасыр бойы бірге көрші тұрып келеміз. Келешекте де солай болары хақ. Алайда қазіргі билік режиміне қатысты тежеуші факторлар да бар. Бұл сол елді мекен еткен халықтың өзі реттейтін мәселе. Осы тұста көршілермен қарым-қатынас жасар кезде халықаралық құқық нормаларының толық орындалғанын талап етеміз. Сонда ғана Иранға біздің тараптан қаражат, инвестиция бара бастайды.
Тегтер #қатар #Иран #активтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz