Иранның марқұм болған бұрынғы рухани көсемі Али Хаменеидің табыты ашылды. Аятолланың жаназасы осы аптаның аяғында ел астанасы Тегеранда өтуге тиіс.
Жерлеу рәсімі 6 күнге жалғаспақ. Оған жүзге жуық елден өкілдер қатысады деп күтіліп отыр. Бұл туралы Ислам Республикасының Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. Хаменеи 9 шілдеде туған қаласы Мешхедте жер қойнына тапсырылады. Естеріңізге сала кетейік, Али Хаменеи биылғы жылдың ақпан айында АҚШ пен Израиль бірлескен әуе шабуылдарының алғашқы күндері – 28 ақпанда опат болған еді.
Тегтер #Али Хаменеи #табыт #ИранPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz