Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасы қайта қарқын ала бастады.
Кейінгі бір аптада өткелмен тасымал төрт есе артты. Бұл туралы Файнэншэл Таймс ((Financial Times)) басылымы хабарлады. Қазір дәлізбен тәулігіне орта есеппен сегіз кеме өтуде. Ал АҚШ пен Иран келіссөзінің келесі кезеңі кейінге шегерілді. Өйткені Ислам Республикасы бұрынғы рухани көсемі Али Хаменеиді жерлеуге дайындалып жатыр. Еске сала кетейік, бұған дейін Иран билігі "Ормуз бұғазы арқылы өтетін барлық кеме Иран белгілеген қауіпсіз бағытпен жүруге тиіс. Бұл талап орындалмаса, салдары ауыр болады" деп ескерткен еді.
Тегтер #Ормуз бұғазы #кеме #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz