АҚШ-та аптап ыстық салдарынан электр энергиясының бағасы күрт өсті. Елдің солтүстік-шығысындағы штаттарда электр қуатының құны 240 пайызға қымбаттады.
Бұған желдеткіштер мен өзге де салқындатқыш техниканы жаппай пайдалану себеп болған. Энергетикалық жүйеге салмақтың артуынан 200 мыңға жуық үй жарықсыз қалды. Сондықтан Нью-Йорк қаласының билігі тұрғындарға оларды қолдануды мүмкіндігінше шектеуге шақырды. Қазір АҚШ-тың кей өңірлерінде күннің ыстығы 40 градустан түспей тұр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #АҚШ #аптап ыстық #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz