Венесуэлада зілзала салдарынан 2 645 адам көз жұмды. Тағы 12 мыңнан астам адам жарақат алып, 15 мың тұрғын баспанасыз қалды.
Қазір апат болған аумақтарда іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Оған 28 елден 2 мыңнан аса маман жұмылған. Осы уақытқа дейін қауіпті аймақтардан 6 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Жер сілкінісі 24 маусым күні Венесуэла астанасы Каракаста және бірнеше штатта болған еді. Зілзаланың магнитудасы 7,5 -ға дейін жеткен. Және дүмпу екі рет қайталанған. Қазіргі есепке қарағанда 15 мыңдай тұрғын баспанасыз қалды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Венесуэла #зілзалаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz