Жапония Үндістанмен экономикалық ынтымақтастығын нығайта бастады.
Премьер-министр Санаэ Такаити үнді еліне сапар шегіп, ресми Делимен жасанды интеллект, жартылай өткізгіштер өндірісі және сирек жер металдарын өндіру салаларын бірлесіп дамыту туралы шешім қабылдады. Екі елдің компаниялары 120 келісімге қол қойды. Инвестициялық жобалардың жалпы құны 12 миллиард доллардан асады. Бұған дейін Қытай сирек жер металдарының экспортына бақылауды күшейткен еді. Кейін Күншығыс елі тағы серіктес іздеп, жеткізу тізбегін әртараптандыруға бет бұрды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Жапония #ҮндістанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz