RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығын атап өтеді

04.07.2026, 13:00 41

АҚШ астанасы Вашингтонда мерейтойға дайындық қыза түсті. Ұлттық аллеяда барлық штат пен аймақтардың павильондары қойылған жәрмеңке жұмысын бастады.

Смитсон институты бірнеше жаңа көрме залын ашты. Шаһарда әскери оркестрлердің концерті, шеру, тарихи қойылымдар, әуедегі ұшақ шоулары мен фестивальдер ұйымдастырылып, кешке ауқымды отшашу жоспарланған. Алайда шіліңгір шілдедегі аптап ыстық та мерекелік бағдарламаны өзгертпей қоймады. Күннің ыстығы 40 градустан асып, рекордтық деңгейге көтерілуіне байланысты кейбір шаралар кейінге шегеріліп, уақыты өзгертілді. Қала билігі тұрғындар мен қонақтарға салқындату орталықтарын ашып, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырып отыр.

Клинт Осборн, Вашингтон қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының директоры:

- Вашингтондағы мәселе тек ыстықта емес, жоғары деңгейдегі ауа ылғалдылығында да болып тұр. Сондықтан ағзаға түсетін қысым артады. Сыртта жүрген азаматтар жиі су ішіп, көлеңкеде демалып тұрмаса, денсаулығына қауіп төнуі мүмкін. Қазір Вашингтонда жексенбіге дейін аптап ыстыққа байланысты жоғары деңгейлі ескерту жарияланған. Бұл Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шараларды да қамтиды. Сондықтан қаладағы барлық салқындату орталықтары, кітапханалар, бассейндер мен демалыс орындарының жұмыс уақыты ұзартылды. Әсіресе қарттар мен баспанасыз адамдарға ерекше көңіл бөлініп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz