RU
Толық нұсқаға өту

Венесуэлада жұқпалы аурулардың таралу қаупі артты

05.07.2026, 10:00 35

Венесуэлада жойқын жер сілкінісінен кейін жұқпалы аурулардың таралу қаупі күшейді.

Мамандардың айтуынша, уақытша паналау орындарында қызылша мен көкжөтел сияқты вакцина арқылы алдын алуға болатын аурулардың таралу қаупі жоғары. Бұдан бөлек дене қызбасы мен лас су арқылы жұғатын ішек инфекциялары да алаңдаушылық туғызып отыр. Осыған байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы уақытша паналау орындарында жаппай вакцинация жүргізуді қолға алды. Сондай-ақ Венесуэлаға 6,2 тонна дәрі-дәрмек жеткізілді. Алайда мамандар індеттің алдын алу үшін бұл шаралар жеткіліксіз екенін айтады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz