RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ-тың тәуелсіздік күніне 850 мың отшашу атылды

05.07.2026, 21:20 40

АҚШ Тәуелсіздік декларациясының 250 жылдығына арналған мерейтой бұрын-соңды болмаған рекордпен аяқталды.

Вашингтон аспанына 850 мың отшашу атылып, ұйымдастырушылар мұны әлемдегі ең ірі пиротехникалық шоу деп атады.

Осылайша, бұған дейін Филиппинде тіркелген 810 мың отшашудан тұратын рекорд жаңарды. Мерекелік шараға жүздеген мың адам жиналды. Ұлттық аллеяда барлық штаттың павильондары жұмыс істеп, әскери оркестрлер өнер көрсетті, тарихи көрмелер ұйымдастырылды.

Дональд Трамп, АҚШ Президенті:

- Бүгін біз тарихтағы ең айтулы мерекелердің бірін – Тәуелсіздік декларациясының қабылданғанына 250 жыл толуын атап өтіп жатырмыз. Бұл күнді кейінге қалдыруға болмайды, өйткені дәл бүгін – тарихи дата. Екі жарым ғасыр бойы Америка еркіндік пен бостандықтың символына айналды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz