Солтүстік Кореяда «Кан Геон» жойғыш кемесі сынақтан өтті. Бұл туралы Кореяның орталық телеграф агенттігі хабарлады.
Жаңа 5 мың тонналық қанатты зымыранның ұшырылуына Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын да қатысты. Сарапшылардың пікірінше, кемедегі зымырандар ядролық оқтұмсықпен жабдықталуы мүмкін. Оқу-жаттығу кезінде кеме артиллериясы, автоматты қарулар және радиоэлектрондық жүйелер сыналған. Солтүстік Корея басшысы жойғыш кемені екі ай ішінде толық дайындап, әскери-теңіз күштерінің құрамына енгізуді тапсырды.
Тегтер #Солтүстік Корея #қару #сынақPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz