RU
Толық нұсқаға өту
Фото: ЖИ арқылы жасалған

Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3 мыңнан асты

06.07.2026, 11:33 53

Венесуэлада болған жойқын жер сілкіністерінен қаза тапқандар саны 3342 адамға жетті, деп хабарлайды «24KZ».

Ресми мәліметке сәйкес, 16 740 адам түрлі деңгейде жарақат алған. Ал 6462 адам құтқарылған.

Бұл туралы Ұлттық ассамблеяның спикері Хорхе Родригес өзінің Telegram-арнасында хабарлады. Оның айтуынша, соңғы екі тәулікте қаза тапқандар саны 388 адамға артқан. Ал құтқарылғандар саны өзгеріссіз қалған.

Қазіргі уақытта 86 794 отбасыға қажетті көмек көрсетілді. 17 345 адам баспанасыз қалды.

Табиғи апат салдарынан 856 ғимарат зақымданып, оның 190-ы толық қираған.

Еске салайық, 24 маусымда елде екі рет күшті жер сілкінісі болды. Содан бері 995 афтершок тіркелген.

Апат салдарын жою жұмыстарына 4088 шетелдік құтқарушы, сондай-ақ 29 567 әскери қызметкер, төтенше жағдайлар қызметінің мамандары және өзге де қызметкерлер жұмылдырылған. Бұдан бөлек, құтқару жұмыстарына 27 482 ерікті қатысып жатыр.

Баспанасыз қалған тұрғындар үшін 79 уақытша лагерь ашылды. Зардап шеккен аймақтарға 9585 тонна азық-түлік пен 669 008 литр ауыз су жеткізілді.

 «24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz