Әзербайжанның 63 жастағы тұрғыны дені сау баланы көтеріп, аман-есен босанды. Бұл туралы медицина ғылымдарының докторы Натиг Махаррамов өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды «24KZ».
Сәкина есімді әйел жуырда 63 жасқа толған. Ол жүктілікті толық мерзіміне дейін көтеріп, табиғи жолмен дені сау нәрестені дүниеге әкелген. Әйел шамамен 38 жыл бойы бала сүюді армандап келген.
Дәрігердің айтуынша, ұзақ жылдарға созылған ем нәтижелі болып, көптен күткен қуанышты сәтке қол жеткізілген.
«Алланың қалауымен емімізді жүргіздік, нәтижесінде 63 жастағы анамыз ұзақ жылдарға созылған сағыныштан кейін сәбиін құшағына басты. Алла сәбиіне ұзақ ғұмыр берсін! Мың да бір шүкір, еміміз зая кетпей, осындай игі іске себепші болдық», – деп жазды дәрігер.
Қазіргі уақытта ана мен баланың денсаулығы жақсы. Дәрігердің айтуынша, қазіргі уақытта ана мен баланың жағдайы тұрақты.
«63 жастағы Сәкина анамыз бен оның жаңа туған сәбиі тексерілуге келді. Аллаға шүкір, ана мен баланың жағдайы жақсы, бәрі қалыпты. Осы қуанышты жаңалықты сіздермен де бөліскіміз келді», – деді дәрігер.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #Баку #ӘзербайжанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz