RU
Толық нұсқаға өту

Bloomberg есебі АЭС құрылысының маңызын көрсетті

06.07.2026, 17:12 30

Алдағы уақытта әлемде электр энергиясына сұраныс артады.

Bloomberg агенттігінің жаңа есебіне сәйкес, 2035 жылға қарай дүние жүзінде электр қуатын тұтыну шамамен 30 пайызға өседі. Ал 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 70 пайызға жетеді. Сарапшылар мұны жасанды интеллект, деректерді өңдеу орталықтары, электр көліктері және цифрлы өнеркәсіптің қарқынды дамуымен байланыстырады. Қазірдің өзінде дата-орталықтар әлемде өндірілетін электр энергиясының шамамен 2 пайызын тұтынады. Алдағы жылдары бұл көрсеткіш екі есе ұлғаюы мүмкін. Сондықтан сарапшылар жаңартылатын энергия көздерімен қатар энергия жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін базалық қуат көздері де қажет екенін айтады. Осы ретте көптеген мемлекет жаңа атом электр станцияларын салу мен жылу электр станцияларын жетілдіруге басымдық беріп отыр. Бұл бағыт Қазақстан үшін де өзекті. Өйткені елде жасанды интеллект инфрақұрылымы мен заманауи деректерді өңдеу орталықтарын дамыту көзделген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz