Конго Демократиялық Республикасында Эбола безгегі індетінен қаза тапқандар саны 506 адамға жетті.
Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады. Қазір дәрігерлердің бақылауында 11 мыңға жуық тұрғын бар. Олардың 600-ден астамы ауруханаға жатқызылған. Осыған байланысты елде эпедемиологиялық бақылауды күшейтіп, емдеу шараларын жетілдіруге көп көңіл бөлініп жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы болса 'боланың "Бундибугио" штамына қарсы жаңа емдеу әдістерін сынақтан өткізе бастады.
Тегтер #Конго #Эбола #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz