ХАМАС Газа секторындағы төтенше комитетті таратып, басқаруды Бейбітшілік Кеңесінің қолдауымен құрылған жаңа ұлттық органға тапсырды.
Бұл қадам Біріккен ұлттар ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі мақұлдаған қақтығысты реттеу жоспарының бір бөлігі саналады. Бұрынғы штабтың басшысы Мұхаммед әл-Фарра отставкаға кетті. Алайда Израиль билігі Төтенше комитет таратылғанына қарамастан, ХАМАС өзінің күштік құрылымдары мен әкімшілік аппараты арқылы анклавтағы жағдайға әлі де ықпал етіп отырғанын айтады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #ХАМАС #ГазаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz