Иранның бұрынғы жоғарғы көшбасшысы - аятолла Әли Хаменеимен қоштасу үшін миллионнан астам адам Тегеран көшелеріне шықты.
Аза тұту шеруі Энгелаб көшесінен Бостандық алаңына дейін жүріп жатыр. Қауіпсіздікті Ислам революциясының сақшылар корпусы қамтамасыз етуде. Рәсімге жүзге жуық елден делегациялар келді. Алдағы уақытта марқұмның денесі діни орталыққа, содан кейін Иракқа жеткізіледі. Ал жерлеу рәсімі 9 шілде күні Әли Хаменеидің туған қаласы Машхадта өтеді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Иран #аятоллаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz