RU
Толық нұсқаға өту

Куба жарықсыз қалды

07.07.2026, 07:40 39

Әлемде мұнай өндіріс артқанымен Кубада тапшы. Ел жарықсыз қалды. 10 миллионға жуық тұрғын электр қуатынан ажырады. Апат себебі әзірге белгісіз.

Елдің Энергия және кен министрлігі желілерді қалпына келтіру үшін жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Төтенше жағдайға байланысты қоғамдық көлік тоқтаған. Жыл басында АҚШ президенті Дональд Трамп "Бостандық аралына" мұнай сатқан немесе жеткізген кез келген елге қатаң салық салатынын айтқан еді. Наурыздың аяғында тек бір ресей танкеріне 730 мың баррель "қара алтын" жеткізуге рұқсат берді. Бірақ оның өзі мамырда таусылған. Сарапшылар Трамп Куба билігін ауыстырып, АҚШ үшін қолайлы басшылар қойғысы келеді деп пайымдайды. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz