Венесуэлада қос жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3535 адамға жетті. Тағы 16 мың 740 тұрғын жараланған. 18 мыңға жуығы баспанасыз қалды.
Ел астанасы Каракас пен Ла-Гуайра қаласында 80 уақытша паналау орталығы құрылған. Оларда қазір 12 мың 800 адам тұрып жатыр. Біріккен Ұлттар Ұйымы із-түзсіз жоғалғандар қатары 50 мыңға жетуі ықтимал деп хабарлады. Президенттің міндетін атқарушы Делси Родригес болашақта болуы мүмкін Төтенше жағдайлар мен табиғи апаттармен күресу үшін арнайы әскери құрылым құрғанын мәлімдеген. 28 елден 4 мыңнан астам құтқарушы көмекке келді. Естеріңізге сала кетейік, 24 маусымда Венесуэлада 2 рет жер сілкінді. Зілзаланың магнитудасы 7,2 және 7,5 баллға жетті
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Венесуэла #зілзала #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz