RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан БҰҰ алаңында цифрлық тәжірибесімен бөлісті

07.07.2026, 09:40 45

Қазақстанның мемлекеттік қызметтегі цифрлық тәжірибесі БҰҰ-ның Жасанды интеллектіні басқару жөніндегі «Жаһандық диалог» алаңында таныстырылды.

Алғаш рет ұйымдастырылып отырған саммит Женевадағы "диджитал апта" аясында өтуде. Жасанды интеллект саласындағы цифрлық алшақтықты еңсеруге арналған жиында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай сөз сөйледі. Ол қатысушыларға елде 80 мыңнан астам мемлекеттік қызметшіні біріктіретін e-Qyzmet цифрлық платформасын таныстырды. Қазір жасанды интеллект технологиялары мемлекеттік қызметте кадрлық деректерді талдау, болжамды жоспарлау және мемлекеттік функцияларға аудит жүргізуде қолданылады. Біздің тәжірибе халықаралық деңгейде жоғары бағаланады. 

Дархан Жазықбай, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:

- Біз мемлекеттік қызметтің сол жүйедегі барлық алгоритмдерді және аналитикалық талдаулардың барлығын жасанды интеллект арқылы жасап жатырмыз. Бұл БҰҰ-ның Жасанды интеллект бойынша ұйымдастырып отырған алғашқы форумдары, сол себепті Қазақстан өзінің тәжірибесін осы алаңда әріптестерімізге таныстырып, тәжірибе бөлісіп, пікір алмасу үшін осы сессияның аясында сөз сөйлеп, осы бағыттарды таныстырдық.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz