RU
Толық нұсқаға өту

BRENT баррелі 72 долларға қымбаттады

07.07.2026, 13:30 34

Әлемдік мұнай бағасы қайта көтеріле бастады. Бұған Ормуз бұғазындағы кеме қатынасына жаңа қауіптің пайда болуы себеп.

Axios порталының хабарлауынша, жақында қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандумға қарамастан Иран аталған су жолы арқылы өткен 2 сауда кемесін бомбалаған. Бұл бұғаздың қауіпсіздігіне қатысты жаңадан алаңдаушылық тудырып отыр. Осы хабардан кейін "Брент" маркалы мұнайдың баррелі 72 долларға өсті. Ал америкалық WTI 69 долларға қымбаттаған. Осы аралықта Біріккен Араб Әмірліктері маусымдағы мұнай өндіру көлемін рекордты деңгейге жеткізді. Бұдан бөлек, ОПЕК+ елдері шикізат өндірісін тамыздан бастап тағы арттыруға уағдаласқан. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz