Халықаралық Euronews телеарнасы Орталық Азияда алғаш рет қазақ тілінде жаңалықтар мен сұхбаттар шығаруды бастайды, деп хабарлайды «24KZ».
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақов мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта Euronews Қазақстанда орыс тілінде ғана хабар таратады. Енді телеарнаның интернет-платформасында қазақ тіліндегі жаңалықтардың шығарылымдары мен сұхбаттар қолжетімді болады.
Сонымен қатар, Euronews Қазақстанда мемлекеттік тілде бірнеше ірі жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Euronews #қазақ тілі #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz