RU
Толық нұсқаға өту

Венесуэла жер сілкінісінен көз жұмғандар туралы ақпаратты жаңартпаған

08.07.2026, 07:30 65

Венесуэлада жойқын 2 жер сілкінісінен опат болғандар саны 3685 адамға жетті.

Бұл туралы "Рейтер" агенттігі хабарлаған. Сонымен қатар із-түзсіз жоғалғандар санында үлкен айырмашылық болып тұр. Елдегі азаматтық ұйым билік 25 маусымнан бері хабар-ошарсыз кеткендер туралы ақпаратты жаңартпағанын айтады. Үкімет ол кезде 157 адамның табылмай отырғанын мәлімдеген еді. Ал азаматтық ұйым ұшты-күйлі жоғалғандар туралы 31 мың хабардың келіп түскенін алға тартады. Жараланғандар қатары 16 мың 800-ге жуықтаған. Жалпы 190 ғимарат жермен-жексен болды. Үкімет апат аймақтарына 30 мыңға жуық сарбаз бен полиция жіберген. Бірақ ауыр техника өте тапшы. Сондықтан қирандыларды аршып, астындағы адамдарды шығару ісі баяу жүріп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz