АҚШ Иранмен арадағы атысты тоқтату режимінен бас тартады. Бұл туралы президент Дональд Трамп мәлімдеді.
Ақ үй басшысы Анкарада өтіп жатқан НАТО саммитінде "Тегеранмен келіссөз еш нәтиже бермеді, алдағы уақытта оны жалғастырмаймыз", - деді. Мәселе Иран Ормуз бұғазында кей кемелерді атқылап, жүрісін шектеген соң туындады. Осыдан кейін АҚШ Ислам республикасы аумағын бомбалап, екі ел арасында ахуал күрт шиеленісті. Тегеран қарымта жауап ретінде Парсы шығанағы елдеріндегі америкалық нысандарды атқылады. Әскери қимылдардан мұнай бағасы көтеріліп, барреліне 75 долларға жетті. Еске сала кетейік, маусым айының басында қос тарап өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойып, атысты тоқтатқан болатын.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #АҚШ #ИранPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz