АҚШ қайтадан Иран мұнайына санкция енгізді.
Құрама штаттардың Қаржы министрлігі арадағы атысты тоқтату режимі бұзылған соң Ислам Республикасына көмірсутек өнімдерін экспорттауға мүмкіндік беріп, келген лицензияның күшін жойды. Осы уақытқа дейін жасалған келісімдер 17 шілдеге дейін орындалып бітуі тиіс. Вашингтон өткен айда Тегеранмен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған соң, бұл елдің мұнайына қатысты шектеуді уақытша алып тастаған еді. Иранға қара алтынды 21 тамызға дейін экспорттауға рұқсат берілген еді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #АҚШ #санкцияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz